Астаналықтар Абай шығармашылығына арналған моноопераны тамашалады
23 қараша, 2024


Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігінен
«Астана Опера» театрында ұлы ақын, ағартушы, композитор, философ, қоғам қайраткері Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған «Толық адам. Ой толғау. Хакім Абай» монооперасының премьерасы өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Шығарманың авторы және орындаушысы – Қазақстанның халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Шахимардан Әбілов дарынды пианист, халықаралық байқаулардың лауреаты Әлияр Өтетілеумен бірге өнер көрсетті.
Жиналған қауым Абайдың «Көзімнің қарасы», «Сегіз аяқ», «Бойы бұлғаң» және басқа да танымал әндерін тыңдай алды. Ал, «Астана Опера» хор студиясының жас әртістері Шахимардан Әбіловпен бірге «Желсіз түнде жарық ай» және «Айттым сәлем Қаламқас» әндерін орындады.
Ұқсас жаңалықтар

31 шілде, 2025
Аргентина радиостанцияларында Димаш Құдайбергеннің 75-тен астам әні шырқалды

29 шілде, 2025
Қонаевта «Кенжем қайда?» көркем фильмінің түсірілімі жүріп жатыр

29 шілде, 2025
Димаштың әні алғаш рет Disney радиосында қойылды

28 шілде, 2025
Опера әншісі Әйгерім Алтынбек Италиядағы байқауда бас жүлдені жеңіп алды