Орталық касса мереке күндері қалай жұмыс істейді

3 шілде, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Орталық касса мереке күндері қалай жұмыс істейді
Фото: City Transportation Systems

City Transportation Systems ЖШС қала күнгі Орталық кассаның жұмысы туралы ақпаратты ұсынды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Алдағы мереке күндері 6 және 7 шілдеде CTS Орталық кассасы жұмыс істемейді.

5 шілдеде, сенбіде кестеге сәйкес жұмыс істейді.

Орталық кассаға баруды жоспарлаған кезде осыны ескерулеріңізді сұраймыз», - делінген хабарламада.

Орталық кассаның жұмыс уақыты: сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін (соңғы талон сағат 17:45-ке беріледі), үзіліссіз. 

Мекенжайы: Р. Қошқарбаев даңғылы, 50/1.