Елордада «Сарыарқа» СОО артындағы жол жабылды

18 шілде, 2025
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
Елордада «Сарыарқа» СОО артындағы жол жабылды
Фото: Оңалхан Өнерхан

«Сарыарқа» СОО артындағы жолда (68-көше) жол төсемінің үстіңгі қабатын салу жұмысы жүріп жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Осыған байланысты 19 шілдеге дейін  көлік қозғалысы ішінара жабылды. Көлік қозғалысы екі бағытта да тараптардың бірі бойынша ұйымдастырылады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, мүмкін болатын өзгерістерді ескеруді сұраймыз.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады.

Фото: Астана қаласы әкімдігі