Астанада Сығанақ көшесінің бір бөлігі уақытша жабылды

18 шілде, 2025
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
Астанада Сығанақ көшесінің бір бөлігі уақытша жабылды
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Сығанақ көшесінің Сауран көшесінен Ақмешіт көшесіне дейінгі жол төсеміне орташа жөндеу жүргізеді.

Осыған байланысты 21 шілдеге дейін көрсетілген учаскеде қозғалыс ішінара жабылды. Осы уақытта көлік қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс болдырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.