Астанада көше ортасында жүк көлігі аударылды


Елордада үш көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болып, оның салдарынан жүк көлігі аударылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Оқиға орнындағы кадрлар Kris_p_astana Telegram-арнасында жарияланды. Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға Жұмабаев көшесінде болған.
«Howo жүк көлігі жүргізушісінің маневр қауіпсіздігіне көз жеткізбеуінің салдарынан дәл сол маркалы басқа көлікпен соқтығысқан. Одан соң автомобиль тұраққа қойылған Toyota маркалы автокөлігіне соғылып, бір бүйіріне аударылды», - деп жауап берді ведомство оқиға туралы.
Жол - көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілді. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Тексеру жүргізіледі. Құқық қорғау органдары жол қозғалысының барлық қатысушыларын ережелерді сақтауға және жолда өте мұқият болуға шақырады.