Астанада балаларды үйірмелер мен секцияларға қалай жазуға болады

24 шілде, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астанада балаларды үйірмелер мен секцияларға қалай жазуға болады
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астанада 4-тен 18 жасқа дейінгі балаларға арналған үйірмелер мен секцияларға тегін ваучерлерді үлестіруге көмектесетін QOSYMSHA.KZ цифрлық платформасын енгізу бойынша пилоттық жоба басталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

2025 жылы бағдарламаға 25 000-нан астам бала қамтылды.

Жаңа платформа не береді:

1. Балаларға қосымша білім алуға тең қолжетімділік.

2. Толық ашықтық және «адами факторының» әсерін болдырмау – жүйе үшінші тұлғалардың қатысуынсыз автоматты түрде жұмыс істейді.

3. Барлық дерек әкімдіктің қорғалған деректер орталықтарында сақталады.

Ата-ана не істеуі керек:

1. Деректерді өзектендіріп, салыстырып тексеру үшін QOSYMSHA.KZ сайтында тіркеліп, ата-ана мен баланың ЖСН-ын енгізіңіз.

2. Егер бала қазірдің өзінде үйірмеге барып жүрсе, сол ұйымға жүгініңіз – ол деректерді жүйеге енгізеді.

3. Өтінімді Астана қаласында тұрақты немесе уақытша тіркеуі бар отбасылар бере алады.

4. Ваучерді сақтап қалу үшін ата-ана жеке кабинетте баланың қатысуын растауы қажет.

Жүйе өтінім берілген уақытты ғана емес, отбасының әлеуметтік мәртебесін де ескереді. Барлық бала 12 санатқа бөлінеді, әрқайсысының өзіндік салмақ коэффициенті бар:

• Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар – 5 коэффициент;

• Мүгедектігі бар отбасылардың балалары, АӘК алатындар, жетім балалар – 3-4 коэффициент;

• Көпбалалы отбасылардың балалары – 2 коэффициент;

• 4-тен 18 жасқа дейінгі қалған балалар – 1 коэффициент.

Бұл көпбалалы немесе әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балалары жеңілдікті санатсыз ертерек өтінім берген отбасылардың балаларына қарағанда ваучерді ертерек алу ықтималдығы жоғары екенін білдіреді.

Мынадай маңызды жайттарды білуі керек:

1. Жалпы дамыту кезегінде берілетін ваучер нақты бір секцияға емес, баланың өзіне рәсімделеді.

2. Ваучер алынғаннан кейін ата-ана баланың барғысы келетін үйірмені өзі таңдайды.