Жыл соңына дейін инфляцияны 10 пайызға төмендету жоспарда бар – Бектенов

15 шілде, 2025
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
Жыл соңына дейін инфляцияны 10 пайызға төмендету жоспарда бар – Бектенов
Фото: primeminister.kz

Үкімет отырысының қорытындысы бойынша Премьер-министр Олжас Бектеновтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтіп жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Соңғы деректер бойынша қазіргі таңда инфляцияның деңгейі – 11,8 %. Біздің есептеуіміз бойынша  жылдың соңына дейін 10 пайызға дейін төмендетеміз деген жоспарымыз бар. Бірақ бұл жерде маңызды мәселе: қарқынды экономикалық өсім және инфляция  әрдайым бірге жүретін бір қатарда тұратын ұғымдар.

Қарқынды экономикалық өсім болса, инфляция да болады. Оны түсіну керек. Бірақ ең бастысы экономикалық өсімнің нәтижесінде адамдардың табыстары өсу керек және өсімнің жылдамдығы инфляциядан жоғары болу керек. Сонда нақты мәнде халықтың әл-ауқаты өседі. Біз осыған ұмтыламыз. Осыған бар күш-жігерімізді саламыз», - деді Үкімет басшысы.