Ғылым және жоғары білім министрі астаналықтармен кездесу өткізеді
19 желтоқсан, 2024


Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігінен
21 желтоқсанда сағат 11.00-де ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің ғылым және жоғары білім саласын дамыту мәселелері бойынша Астана қаласының тұрғындарымен кездесуі өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Кездесу Астана қаласы Astana IT University Мәңгілік ел даңғылы 55/11, EXPO бизнес-орталығы, С1 блок мекенжайы бойынша өтеді.
Кездесу өткізілгеннен кейін азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау ұйымдастырылады.
«Жеке қабылдауға жазылу 8 (7172) 74-19-42 нөмірі бойынша жүргізіледі.
Ғылым және жоғары білім саласындағы өтініштерді r.asanova@sci.gov.kz электронды поштасына жіберулеріңізді сұраймыз», - делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар

3 тамыз, 2025
Оқушылар информатикадан халықаралық олимпиадада төрт медаль иеленді

1 тамыз, 2025
Қазақстанда мектеп директорларының жетіспеушілігі үш есе қысқарды

1 тамыз, 2025
Қазақстандық оқушылар Халықаралық олимпиадада тарихи нәтижеге қол жеткізді

31 шілде, 2025
Жаңа оқу жылы қарсаңында жарты миллион оқушыға көмек көрсетіледі