Елімізде педагогтерді аттестаттау процесі автоматтандырылып жатыр
14 наурыз, 2025


Фото: Pixabay
2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде «Ұстаз» педагогтің үздіксіз кәсіби даму ұлттық платформасын кезең-кезеңімен енгізу басталды, деп хабарлады Elordainfo.kz ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Бұл платформа аттестаттау процесін автоматтандыруға және оны ашық әрі әділ етуге мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта платформада «педагог-модератор» және «педагог-эксперт» біліктілік санаттарын алу немесе растау үшін үміткер педагогтерді аттестаттаудың бірінші кезеңі өтуде.
2025 жылы платформа арқылы 150 мыңнан астам қазақстандық педагог аттестаттаудан өтеді деп күтілуде.
Ұқсас жаңалықтар

4 тамыз, 2025
Магистратураға тестілеу басталғалы 99 қатысушының нәтижесі жойылды

4 тамыз, 2025
Абай облысында бизнесті дамытуға арналған ЖИ мүмкіндіктері таныстырылды

4 тамыз, 2025
«Келешек мектептері» үшін директорлардың жаңа буыны даярланып жатыр

3 тамыз, 2025
Оқушылар информатикадан халықаралық олимпиадада төрт медаль иеленді