Жыл басынан бері 3,3 мыңға жуық адамға қандас мәртебесі берілді

Жыл басынан бері 3,3 мыңға жуық адамға қандас мәртебесі берілді
Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Биыл 3 335 қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 168,2 мың этникалық қазақ оралды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысы (47,8%) Қытайдан, 43,6% – Өзбекстаннан, 2,7% – Түрікменстаннан, 2% – Ресейден, 2,2% – Моңғолиядан  және 1,7 – басқа елдерден тіркелді. 

Шет елден көшіп келген қазақтар еліміздің түрлі өңірлеріне қоныстанды.

Айта кетерлігі, қандастарды қоныстандыру үшін еңбек күші тапшы өңірлер анықталған. Олар - Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Атырау, Батыс, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары. Аталмыш өңірлерге биыл 2 281 қандасты қабылдау квотасы белгіленген. Өткне екі айдың қорытындысы бойынша аталған өңірлерге 569 қандас қоныстанды.

Еске сала кетеск, былтыр 17 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды.