Өрт сөндіру-құтқару спортынан Қазақстан құрамалары әлемдік додада топ жарды

8 қараша, 2026
Думан Аманжол Думан Аманжол
Өрт сөндіру-құтқару спортынан Қазақстан құрамалары әлемдік додада топ жарды
Фото: ТЖМ

Әзербайжан Республикасының Баку қаласында өрт сөндіру-құтқару спортынан ерлер арасындағы XXI және әйелдер арасындағы XII әлем чемпионаттарының қорытынды жарыс күні өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

 Чемпионаттардың қорытынды кезеңі «Жауынгерлік қанат жаю» дисциплинасы бойынша өтті.  Әр команда жоғары дайындық деңгейін, шеберлігі мен жеңіске деген жігерін танытты.

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының ерлер құрамасы 24,52 секунд нәтижесін көрсетіп, чемпионаттың алтын медальдарын жеңіп алды, сонымен қатар, жаңа әлемдік рекорд орнатты.

Екінші орынды 25,08 секунд нәтижесімен Моңғолия құрамасы, үшінші орынды 25,45 секунд нәтижесімен Өзбекстан құрамасы иеленді.

Қазақстан ерлер құрамасының құрамы:

1. Шамшоллаев Ансар
2. Ануарбеков Назарбек
3. Қонысбаев Абай
4. Абильбаев Дінмұхамед
5. Подгородецкий Петр
6. Савон Дмитрий
7. Избасаров Ильдар

Әйелдер командалары арасындағы жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:

1-орын — Ресей (23,79 секунд, әлемдік рекорд);
2-орын — Беларусь (23,92 секунд);
3-орын — Қазақстан (25,41 секунд).

Қазақстан әйелдер құрамасының құрамы:

1. Серикханова Алла
2. Байтикова Айдана
3. Реджеметова Ситора
4. Дзолба Оксана
5. Аленина Регина
6. Подгородецкая Кристина
7. Салмина Валентина

Ерлер арасындағы жалпыкомандалық есеп:

1-орын — Ресей Федерациясы;
2-орын — Беларусь Республикасы;
3-орын — Қазақстан Республикасы.

Әйелдер арасындағы жалпыкомандалық есеп:

1-орын — Ресей Федерациясы;
2-орын — Беларусь Республикасы;
3-орын — Қазақстан Республикасы.

Осылайша, Қазақстанның ерлер және әйелдер ұлттық құрамалары әлемнің үздік үш командасының қатарына еніп, өрт сөндіру-құтқару спортынан ерлер арасындағы XXI және әйелдер арасындағы XII әлем чемпионаттарының жалпыкомандалық есебінде қола жүлдеге ие болды.

Еске салсақ, Астанада кураштан XV әлем чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтті.