Жаңатас қаласында қатты желдің салдарынан бірқатар нысанға зақым келді
6 ақпан, 2026
Көрнекі сурет: syrboyi.kz
6 ақпанда Сарысу ауданы Жаңатас қаласында жылдамдығы 32 м/с-ге дейін жеткен қатты желдің салдарынан бірқатар нысанға зақым келді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Жамбыл облысы әкімдігіне сілтеме жасап.
Табиағттың тосын мінезіне байланысты аудан әкімдігінде жедел штаб құрылып, зерделеу және қалпына келтіру жұмысы жүргізіліп жатыр.
«1-шағын аудандағы №32, 33, 34, 35 тұрғын үйдің, 3-шағын аудандағы №6 тұрғын үйдің, 4-шағын аудандағы №15 және №15 «а» тұрғын үйдің шатыры жартылай ұшқан», делінген әкімдік хабарламасында.
Сонымен қатар Бейбітшілік көшесінде орналасқан ту тұғыры құлап, аудан аумағында электр қуаты уақытша өшкен. Әзірге белгілісі дауыл желден ешкім зардап шекпеген. Жағдайды Жамбыл облысының әкімі жеке бақылауына алды.
Ұқсас жаңалықтар
3 мамыр, 2026
Теңіз кенішінде істеген 30-ға жуық шетелдік ел аумағынан шығарылды
2 мамыр, 2026
Түркістан облысында көпір бұзылып, демалушылар өзеннің арғы бетінде қалып қойған
2 мамыр, 2026
Алматыда үш жасөспірім түнде таудан түсе алмай қалған
2 мамыр, 2026
Астанада абаттандыру ережелерін бұзған жүргізушілер жауапқа тартылды