Жаңаөзенде ер адам әйелін пышақтап өлтірді
30 қаңтар, 2026
Фото: freepik.com
Белгілі болғандай 44 жастағы әйел пышақ жарақатынан қайтыс болды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Маңғыстау облысы Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Оқиға 29 қаңтарда Жаңаөзен қаласында тіркелген. Марқұмның күйеуі, ұсталып уақытша ұстау изоляторына қамалды.
«Алдын ала тергеу жанжалдың тұрмыстық зорлық-зомбылықтан туындағанын анықтады. ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды», делінген хабарламада.
Қазір оқиғаның мән-жайын толық және объективті анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр.
Еске сала кетсек, кеше Шымкентте көшедегі әйелді пышақтап өлтірген қылмыскердің ұсталғаны жайында хабарладық.
Ұқсас жаңалықтар
14 наурыз, 2026
Астанада жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасаған ер адам қамалды – ВИДЕО
13 наурыз, 2026
Елімізде жыл басынан бері заңсыз айналымнан 580 қару тәркіленді
12 наурыз, 2026
Астанада көпқабатты үйден өрт шығып, 11 адам эвакуацияланды
12 наурыз, 2026
ШҚО-да жол саласындағы мекемеде жұмыста жоқ адамға жалақы төленіп келген