Астанада 40 тонналық контейнерден өрт шықты

Бүгін, 09:02
Думан Аманжол Думан Аманжол
Астанада 40 тонналық контейнерден өрт шықты
видеодан скриншот/t.me/astana112_tjd

Бүгін таңертең Астана қаласының Сарайшық ауданында, Панфилов көшесі мен Тәуелсіздік даңғылының қиылысында мобильді кеңсе ретінде пайдаланылатын 40 тонналық контейнерден өрт шықты, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласының төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Өрт 15 шаршы метр аумақта сөндірілді. Жалынның одан әрі таралуына жол берілген жоқ.

«Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда», - деп хабарлады ТЖД.

Еске салсақ, Астана тұрғындарына газ датчиктері мен түтін хабарлағыштарын пайдалану ережесі ескертілді.