Елордада тұрақта тұрған жеңіл автокөлік өртенді – ВИДЕО

Бүгін, 10:55
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Елордада тұрақта тұрған жеңіл автокөлік өртенді – ВИДЕО
Фото: видеодан скриншот/ТЖМ

Бүгін таңертең «Нұра» ауданындағы Күлтегін көшесінде орналасқан үйлердің бірінің ауласында жеңіл автокөлік өртенді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

ТЖМ мәліметінше, өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына барған кезде автокөлік толығымен отқа оранған. Жалынның жоғары температурасы салдарынан жақын маңда тұрған тағы бір автокөлікке зақым келген.

«Өрт сөндірілді. Оттың одан әрі таралуына жол берілген жоқ.

Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ», - делінген хабарламада.

ТЖМ ескертеді: автокөліктің техникалық жағдайын үнемі тексеріп, электр сымдары мен жанармай жүйесінің жарамдылығына назар аударыңыз. Осы талаптарды сақтау көлік құралының өртенуінің алдын алуға көмектеседі.

Еске салсақ, Астанада 16 қабатты тұрғын үйден өрт шықты.