Астанада 16 қабатты тұрғын үйден өрт шықты

Астанада 16 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
Коллаж: Elordainfo.kz//t.me/qr_tjm

Астанада Тәуелсіздік даңғылында орналасқан 16 қабатты тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға елорданың «Алматы» ауданында болған. Өрт туралы хабарлама «112» қызметіне түскеннен кейін оқиға орнына құтқарушылар жедел жетті.

Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде тұрғын үйдің жетінші қабатында өрт шығып, ғимаратты қою түтін басқаны анықталған.

ТЖМ қызметкерлері өртті толықтай сөндірді.

Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Атырауда Sulpak дүкенінің қазандығында жарылыс болған еді.