VietJetQazaqstan әуекомпаниясы рейстердің кешігуі мүмкін екенін ескертті
4 шілде, 2025
Фото: Оңалхан Өнерхан
VietJetQazaqstan (бұрынғы Qazaq Air) әуекомпаниясы жолаушыларға үндеу жасап, рейстердің кешігуі мүмүкін екенін ескертті, деп хабарлады Elordainfo.kz әуекомпанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«VietJetQazaqstan (Qazaq Air) әуекомпаниясы 2025 жылғы 4 шілдеде рейстердің кешігуі мүмкін екенін хабарлайды.
Рейстер туралы ақпарат әуе билеттерін сатып алу кезінде көрсетілген деректер бойынша жолаушыларға SMS-хабарламалар және электрондық пошта арқылы жіберіледі.
Кешіктірілген рейстердің жолаушыларына Жолаушыларды тасымалдау ережелеріне сәйкес арнайы қызметтер ұсынылады», - делінген баспасөз хабарламасында.
Комания өкілдері қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, әуекомпаниясы үшін жолаушылардың қауіпсіздігі әрдайым маңызды екенін еске салады.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 17:17
STAT.DATATHON-2026: байқауға жеті елден 108 команда қатысады
18 қыркүйек, 2026
Белгілі журналист әрі спорт комментаторы Ғалым Сүлеймен өмірден өтті
18 қыркүйек, 2026
«Тұмар» және «Үркер» мерейтойлық ұлттық сыйлықтарына өтінім қабылдау басталды
18 қыркүйек, 2026
Пияз, картоп, сәбіз: Елімізде бірқатар азық-түлік арзандады