Әуежайлар мен вокзалдардағы қауіпсіздік жүйесі тексеріліп жатыр – министрлік
12 наурыз, 2025
фото: Оңалхан Өнерхан
Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Мәжіліс кулуарында жуырда Алматы әуежайында болған оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Санжар Әділовтың айтуынша , бүгінде тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Ішкі істер министрінің тапсырмасымен еліміздегі әуежайлар мен вокзалдардағы қауіпсіздік жүйесі тексеріліп жатыр. Бұл бағытта нормативтік-құқықтық салада түзетулерді қабылдау керек деп есептейміз. Мысалы өткір заттарды анықтайтын құрылғыны нысанның кіреберісіне орналастыру, - деді ол.
Еске сала кетейік, 7 наурызда Алматы әуежайында қолына пышақ ұстаған ер адам әуежай қызметкерін кепілге алып, рюкзагында «бомба» бар деп жолаушыларды қорқытқан. Күдіктіге қатысты 3 қылмыстық іс қозғалды.
Ұқсас жаңалықтар
7 тамыз, 2026
Бурабайда «100 Sarbaz» әскери реалити-шоуы басталды
6 тамыз, 2026
Әскери полиция қызметшілері дене даярлығы бойынша сынақтан өтті
6 тамыз, 2026
Ұлттық ұланның әскери бөлімдерінде 40-қа жуық егіздер қызмет етіп жүр
6 тамыз, 2026
Ерлан Исмағұлов: Ұжымдық шарт – өзара іс-қимылдың құқықтық негізі