Астанада тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар үшін А91 көшесіндегі №36, 36/1, 36/2 және 36/3 үйлердегі кредиттік тұрғын үйге өтінім қабылдау жүріп жатыр. Бағдарлама Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында іске асырылады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасына сілтеме жасап.
Нысандардың кодтары – 10336, 10338, 10339 және 10340.
Өтінімдер 7-19 қазан аралығында Baspana Market сайтының жеке кабинеті арқылы қабылданады. Кандидаттарды іріктеу 21 қазанға жоспарланған.
Барлығы 562 пәтер ұсынылады. Оның ішінде:
• 1 бөлмелі – 166 пәтер;
• 2 бөлмелі – 276 пәтер;
• 3 бөлмелі – 80 пәтер;
• 4 бөлмелі – 40 пәтер.
Тұрғын үйлер бес қабатты, лифт қарастырылмаған. Пәтерлер толық әрленген күйде сатылады.
Бір шаршы метрдің құны – 332 916 теңге. Несие бойынша пайыздық мөлшерлеме – 5%, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 5,2%-дан 5,8%-ға дейін. Бастапқы жарна 10%-дан басталады.