Президент АӨСШК саммитіне қатысу үшін Әзербайжанға барды

Президент АӨСШК саммитіне қатысу үшін Әзербайжанға барды
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) 7-саммитіне қатысу үшін Баку қаласына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президентті Баку әуежайында Әзербайжан Премьер-министрінің орынбасары Самир Шарифов қарсы алды.

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапары аясында АӨСШК-нің 7-саммитіне қатысады.