Ауыр атлетикадан әлем чемпионатына қатысатын спортшылар анықталды

Бүгін, 17:57
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Ауыр атлетикадан әлем чемпионатына қатысатын спортшылар анықталды
Фото: olympic.kz

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) Қытайдың Нинбо қаласында өтетін әлем чемпионатына қатысатын спортшылардың алдын ала тізімін жариялады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Әлем біріншілігінде жеті қазақстандық спортшы ел намысын қорғайды.

Ұлттық құраманың тізімі:

Ерлер

75 келі: Петр Хребтов

85 келі: Алексей Чуркин, Едіге Емберді

95 келі: Нұрғиса Әділетұлы

110 келі: Артем Антропов

Әйелдер

77 келі: Аянат Жұмағали

86 келіден жоғары: Любовь Ковальчук

Оқи отырыңыз: Астанада конькимен жүгіруден ел чемпионатының алғашқы күні аяқталды

Айта кетейік, әлем чемпионаты 27 қазан - 8 қараша аралығында өтеді. Сонымен қатар байрақты бәсеке 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына іріктеудің алғашқы ресми кезеңі болмақ.