Таяу Шығыс елдерінен Қазақстанға 10 мыңнан астам жолаушы жеткізілді
12 наурыз, 2026
Фото: СІМ
Таяу Шығыс елдерінде эскалация басталғалы бері, Қазақстанға 61 рейс орындалып, олармен 10 033 жолаушы тасымалданды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Көлік министрлігіне сілтеме жасап.
Рейстер Air Astana, SCAT, FlyDubai және Air Arabia әуе компаниялары арқылы Дубай, Шарджа, Жидда, Медина және Маскат қалаларынан Алматы, Астана, Атырау, Ақтау және Шымкент қалаларына орындалып жатыр.
Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті мүдделі мемлекеттік органдармен, сондай-ақ отандық және шетелдік әуе компанияларымен бірлесіп, Таяу Шығыс елдерінен Қазақстан азаматтарын елге жеткізуді жалғастырады.
Ұқсас жаңалықтар
26 қыркүйек, 2026
Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілермен қоштасу рәсімі өтті
26 қыркүйек, 2026
Қорғаныс министрі қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларымен кездесті
25 қыркүйек, 2026
Президент атаулы көңіл айту жеделхаттарын жолдады: қаза болғандар мемлекеттік марапаттарға ұсынылады
25 қыркүйек, 2026
Бас мүфти Маңғыстауда қаза тапқан сарбаздардың рухына Құран бағыштады