Референдумда министрлер дауыс берді

Референдумда министрлер дауыс берді
Фото: Ведомстволардың баспасөз қызметтері

Елордада вице-премьерлер мен Үкімет мүшелері Қазақстанның жаңа Конституциясының жобасы бойынша республикалық референдумда дауыс берді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумға қатысқан Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр, Премьер-министрдің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы Ғалымжан Қойшыбаев, Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев, Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев, Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева өздерінің сайлау учаскелерінде дауыс берді.

Сондай-ақ ішкі істер, қорғаныс, сыртқы істер, ауыл шаруашылығы, ғылым және жоғары білім, денсаулық сақтау, қаржы, сауда және интеграция, су ресурстары және ирригация, төтенше жағдайлар, экология және табиғи ресурстар, туризм және спорт, әділет, өнеркәсіп және құрылыс, энергетика, көлік, оқу-ағарту, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлері өз сайлау учаскелерінде дауыс берді.

ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов референдумға қатысып, өз сайлау учаскесінде дауыс берді.

 

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Қазақстанның жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс беруге қатысты. Министр Астана қаласындағы №305 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады.

ҚР Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов республикалық референдумда дауыс беруге қатысты.  ТЖМ басшысы Астанадағы ҚР Президенттік орталығында орналасқан № 176 сайлау учаскесінде дауыс берді.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова референдумға қатысып, өз сайлау учаскесінде дауыс берді.

ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумда өз таңдауын жасады. Ведомство басшысы елордадағы Д. Қонаев атындағы №66 мектеп-лицейде ашылған №130 сайлау учаскесінде дауыс берді.


ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов республикалық референдумда дауыс беруге қатысты.


Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы бойынша өтіп жатқан республикалық референдумда дауыс берді. 

«Мемлекет басшысы атап өткендей, елімізде маңызды шешімнің барлығы халықтың талқылауы арқылы қабылданады. Бүгінгі референдум – дәл сондай маңызды кезеңдердің бірі. Өйткені әрбір қазақстандықтың дауысы елдің ұзақ мерзімді даму бағытын айқындауда ерекше мәнге ие», – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев Қазақстанның жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс беруге қатысты. Министр Астана қаласындағы №160 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады.

ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев референдумда дауыс беріп, өз таңдауын Астанадағы №162 сайлау учаскесінде жасады.

ҚР Қаржы министрі Мәди Такиев еліміздің жаңа Конституциясын қабылдау мәселесіне арналған республикалық референдумда дауыс берді.

ҚР Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев референдумда дауыс берді. Сыртқы саяси ведомствоның басшысы №51 референдум учаскесінде дауыс берді.

ҚР Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Астана қаласындағы №128 сайлау учаскесінде жаңа Конституция бойынша республикалық референдумда дауыс берді.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров республикалық референдумда дауыс беруге қатысты. Министр жұмыс сапары аясында Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Якорь ауылындағы сайлау учаскесінде дауыс берді.