ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады
Коллаж: Elordainfo.kz

Ел аумағы бойынша айт намазының кестесі жарияланды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасына сілтеме жасап.

«Рамазан айының да аяқталуына аз қалды. 20 наурыз – Ораза айт мейрамы. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы осы күні оқылатын Ораза айт намазының еліміз бойынша әзірленген кестесін назарларыңызға ұсынады», делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, мұсылман күнтізбесі бойынша биыл Рамазан айы 19 ақпанда басталды. Ал 16-нан 17-не қараған түні кеше қасиетті Қадір түні өтті. Ал 20 наурыз – Ораза айт мерекесі.

Айта кетерлігі, биыл пітір садақасы еліміз бойынша екі келі ұнның орташа бағасы негізінде 735 теңге болып бекітілді.