Сәкен Сейфуллин мұрасы: Еңбек министрлігінің қызметкерлері елордадағы музейге барды

Сәкен Сейфуллин мұрасы: Еңбек министрлігінің қызметкерлері елордадағы музейге барды
Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің орталық аппараты мен ведомствоға қарасты ұйымдардың қызметкерлері Астанадағы Сәкен Сейфуллин музейіне барды. Іс-шара Қазақстан халқының тілдері күніне арналған айлық аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Музейге барған қызметкерлерге қазақтың көрнекті ақыны, мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы, сондай-ақ оның елдің қоғамдық-саяси және мәдени өміріндегі орны туралы ақпарат берілді.

Кездесу барысында Сәкен Сейфуллиннің мемлекеттік қызметте басшылық лауазымдар атқарған кезеңі және сол уақытта қабылданған тарихи құжаттардың маңызы туралы да айтылды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, музейге бару қызметкерлердің тілдік және мәдени сауатын арттыруға бағытталған жұмыстардың бір бөлігі. Сонымен қатар мұндай іс-шаралар отандық әдебиетке және қазақ авторларының шығармаларына деген қызығушылықты арттыруға ықпал етеді.

Іс-шара Мемлекет басшысының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Кітап оқитын ұлт» бастамасының негізгі идеяларымен де үндеседі.

Бұған дейін елордада балаларға арналған «Музей әлеміне саяхат» кітабы таныстырылғанын жазған едік.