Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 желтоқсан күндері Халықаралық бейбітшілік және сенім жылына, сондай-ақ Халықаралық бейтараптық күні мен Түрікменстанның тұрақты бейтараптығының 30 жылдығына арналған форумға қатысу үшін Ашхабад қаласына барады», - делінген хабарламада.
Бұған дейін Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасындағы цифрландырудың кейбір мәселелері туралы» Жарлыққа қол қойды.