Референдум-2026

Надежда Морозова конькимен жүгіруден Германиядағы Әлем кубогы кезеңінде үздік бестікке енді

25 қаңтар, 2026
Дәукен Тұрдашев Дәукен Тұрдашев
Надежда Морозова конькимен жүгіруден Германиядағы Әлем кубогы кезеңінде үздік бестікке енді
Фото: ҰОК

Конькимен жүгіруден Қазақстан құрамасының өкілі Надежда Морозова Германияның Инцелль қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде үздік бестікке енді, деп хабарлады Elordainfo.kz olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Отандасымыз 3000 метр қашықтықта жүлдеге бір қадам жетпей қалды. Морозова 4:09,19 секундта мәреге жетіп, төртінші орынды иеленді.

Норвегиялық Рагне Виклунд 3:54,74 секунд уақыт көрсеткішімен жеңіске жетті. Күміс жүлдені Нидерланд спортшысы Джой Бьюн (3:56.96) еншілесе, қола медаль канадалық Валери Мальтеға (3:59.92) бұйырды.

Айта кетейік, бұған дейін Инцелльдегі жарыста 500 метр қашықтықта қазақстандық Евгений Кошкин де төртінші орын алған болатын.

Осыған дейін қысқы Олимпиадаға Қазақстан құрамасынан кімдер қатысатыны туралы жаздық.