Милан-2026 қысқы Олимпиадасына қатысатын Қазақстан командасының толық құрамы белгілі болды

Милан-2026 қысқы Олимпиадасына қатысатын Қазақстан командасының толық құрамы белгілі болды
Фото: Туризм және спорт министрлігі

6-22 ақпан аралығында Италияда өтетін XXV қысқы Олимпиадаға Қазақстан құрамасының сапында 36 спортшы қатысады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Қазір Қазақстан еншісінде келесі спорт түрлерінен лицензия бар:

Фристайл-могул - Павел Колмаков, Юлия Галышева, Аяулым Әмренова, АнасҰлтасия Городко.

Фристайл-акробатика - Дінмұхаммед Райымқұл, Шерзод Хаширбаев, Роман Иванов, Асан Асылхан, Аяна Жолдас.

Биатлон - 2 ер, 2 әйел спортшы (баратын спортшылар есімі Ұлттық құрама бапкерлер кеңесінен кейін анықталады)

Тау шаңғысы спорты - Ростислав Хохлов, Александра Скороходова.

Шаңғы қоссайысы - Шыңғыс Ракпаров.

Шаңғы жарысы - Әмірғали Мұратбеков, Наиль Башмаков, Виталий Пухкало, Анна Мельник, Дарья Ряжко, Ксения Шалыгина, Надежда Степашкина.

Шаңғымен тұғырдан секіру - Данил Васильев, Илья Мизерных.

Конькимен жүгіру спорты - Евгений Кошкин, Кристина Силаева, Елизавета Голубева, Надежда Морозова, Арина Ильященко.

Шорт-трек - Абзал Әжғалиев, Денис Никиша, Ольга Тихонова, Яна Хан.

Мәнерлеп сырғанау - Михаил Шайдоров, Софья Самоделкина.

Айта кетейік, бұл тек 2025-2026 жылғы маусымдағы лицензиялық кезеңдер нәтижесіндегі көрсеткіш. Алдағы уақытта Халықаралық Олимпиада комитетінің есебінен қосымша жолдамалар берілуі мүмкін.

Олимпиада лицензиясына қатысты қорытынды ақпарат қаңтардың аяғында белгілі болады. XXV қысқы олимпия ойындары Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді. Оған әлемнің 93 елінен 3 500-ден астам спортшы қатысады.
Еске салсақ, қазақстандық биатлоншылар төрт Олимпиада лицензиясына ие болды.