Мемлекет басшысы Біріккен Араб Әмірліктерінің Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
2 желтоқсан, 2025
Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян мен оның отандастарын Біріккен Араб Әмірліктерінің Ұлттық мерекесімен құттықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент жеделхатта Араб Әмірліктерінің орнықты дамуды қамтамасыз ету мен қауіпсіздікті нығайту жолындағы беделі жаһандық деңгейде мойындалғанын атап өтті. Сонымен қатар екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен өзара қолдау рухындағы сан қырлы ынтымақтастық халықтарымыздың игілігі үшін қарқынды дами беретініне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянның жауапты қызметіне толағай табыс, ал Әмірліктер халқына бақ-береке тіледі.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 03:06
Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – Тәуелсіздік пен егемендік тірегі
Бүгін, 02:14
Президент: 15 наурыз – Конституция күні болып белгіленеді
15 наурыз, 2026
Қазақстан халқы референдумда ықыласпен дауыс беріп жатыр – Түркі мемлекеттері ұйымының өкілі
15 наурыз, 2026
Қазақстанда дауыс берушілер үшін барлық мүмкіндік жасалған – ШЫҰ байқаушылары