Медеуде бақылау-құтқару бекеті тәулік бойы жұмыс істей бастады
8 мамыр, 2025
фото: ТЖМ
Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әріновтің тапсырмасымен Алматы қаласының Медеу ауданында бақылау-құтқару бекеті тәулік бойы жұмыс істей бастады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Бекет жедел әрекет ету үшін қажетті арнайы техникамен, жабдықтармен және байланыс құралдарымен қамтылған.
Кезекшілікті тәуліктің кез келген уақытында оқиға орнына шығуға дайын білікті құтқарушылар атқарады. Орташа ден қою уақыты 1,5–2 сағатқа қысқарды, бұл таулы жерлерде өте маңызды.
«Медеуде тәулік бойы жұмыс істейтін бекет құру — Алматы тұрғындары үшін де, туристер үшін де қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған нақты шара», - деді Шыңғыс Әрінов.
Ұқсас жаңалықтар
7 тамыз, 2026
Бурабайда «100 Sarbaz» әскери реалити-шоуы басталды
6 тамыз, 2026
Әскери полиция қызметшілері дене даярлығы бойынша сынақтан өтті
6 тамыз, 2026
Ұлттық ұланның әскери бөлімдерінде 40-қа жуық егіздер қызмет етіп жүр
6 тамыз, 2026
Ерлан Исмағұлов: Ұжымдық шарт – өзара іс-қимылдың құқықтық негізі