Көкшетауда өрт сөндіру бөлімшелеріндегі жұмысшы мамандықтар бойынша бос орындар жәрмеңкесі өтті

18 наурыз, 2026
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Көкшетауда өрт сөндіру бөлімшелеріндегі жұмысшы мамандықтар бойынша бос орындар жәрмеңкесі өтті
Фото: Фото: akorda.kz

Көкшетау қаласында Ақмола облысы ТЖД қызметкерлерінің қатысуымен ашық кеңес беру форматында бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Кадр және тәрбие жұмысы басқармасының мамандары өрт сөндіру бөлімшелеріндегі жұмысшы мамандықтары бойынша бос орындар туралы кеңінен ақпарат берді. Қатысушылар қызмет талаптары, жұмыс жағдайы және мансаптық өсу мүмкіндіктерімен танысты.

ЖОО түлектеріне жұмысқа орналасу мәселелері бойынша жеке кеңестер беріліп, сондай-ақ ҚР ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына түсу тәртібі түсіндірілді.

Іс-шара қорытындысы бойынша қызығушылық танытқан үміткерлердің түйіндемелері жиналып, олардың бірқатары әңгімелесуге шақырылды.

Еске салайық, бұған дейін Астанада көпқабатты тұрғын үйде шыққан өрт жедел сөндірілгені туралы жаздық.