Германияда өткен әлем чемпионатында қазақстандық ескек есуден қола жүлде жеңіп алды
26 шілде, 2026
Фото: ҰОК
Германияның Дуйсбург қаласында өтіп жатқан академиялық ескек есуден жастар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық Артем Матусевич жүлдегерлер қатарынан көрінді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.
Отандасымыз ерлер арасындағы жеңіл салмақтың жекелей сынында 07:01.56 уақытта мәреге үшінші болып жетіп, қола медаль жеңіп алды.
Алтын жүлдені португалиялық Жоау Велозу (06:59.96) иеленсе, күміс медаль Грекия өкілі Ангелос Каудиске (07:00.62) бұйырды.
Еске салсақ, қазақстандық мергендер әлем чемпионатында екі күміс еншіледі.
Ұқсас жаңалықтар
27 қыркүйек, 2026
Қазақстандық шпагашылар Азия ойындарының чемпиондары атанды
27 қыркүйек, 2026
Алматыда 15-ші Almaty Marathon өтті
27 қыркүйек, 2026
Азиада-2026: Жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаева алтын медаль жеңіп алды
26 қыркүйек, 2026
Пара дзюдодан елордалық спортшы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды