Референдум-2026

Былтыр сұлулық саласында 127,3 млрд теңгенің қызметі көрсетілді

Былтыр сұлулық саласында 127,3 млрд теңгенің қызметі көрсетілді
Фото: magnific.com

Былтыр Қазақстанда сұлулық саласында көрсетілген қызметтердің көлемі 127,3 млрд теңгеге жетті. Оның ең көп үлесі шаштараз қызметіне тиесілі, бұл - 67,5 млрд теңге. Көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 5,3%-ға артық, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Маникюр мен педикюрді қоса алғанда, косметикалық қызметтердің көлемі 7,5 млрд теңге болды.

Сұлулық салондары көрсететін өзге де қызметтердің көлемі 52,3 млрд теңгеге жетті. Оның ішінде адамның өңделмеген шашына қатысты қызметтер де бар.
Сұлулық саласының дамуы қалалармен қатар ауылдық жерлерде де байқалады. 2025 жылы ауылдардағы шаштараз қызметтерінің көлемі 2024 жылмен салыстырғанда 4,2%-ға өсіп, 34,3 млрд теңгеге жетті.

Сонымен қатар, ауылдық жерлерде сұлулық салондарының өзге де қызметтерінің көлемі 1,9 млрд теңгені, ал косметологиялық қызметтердің көлемі 814,9 млн теңгені құрады.

Еске сала кетсек, ел экономикасы жеті айда тұрақты өсім көрсетті.