Референдум-2026

Бектенов: «Қазақстан жасалған» таңбасы тұтынушылар сенім артатын жоғары сапа белгісіне айналуы тиіс

Бүгін, 11:43
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Бектенов: «Қазақстан жасалған» таңбасы тұтынушылар сенім артатын жоғары сапа белгісіне айналуы тиіс
Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкіметтің отандық тауар өндірушілерді қолдау жөніндегі шараларының нәтижесінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты тұрақты өсіп келе жатқанын баса айтты, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

«Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты да тұрақты өсіп келеді. Бұған экономика салаларын кешенді мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде қол жеткіздік. Ендігі міндет – ішкі нарықты отандық өніммен толықтыруды жалғастырып, өткізу нарықтарын кеңейту және қазақстандық тауарларды сыртқы нарықтарда неғұрлым белсенді ілгерілету. «Қазақстанда жасалған» ұлттық таңбасы тұтынушылардың сенімі мен жоғары сапа белгісіне айналуы тиіс», - деп атап өтті Олжас Бектенов Үкімет отырысында.

Осыған байланысты Премьер-министр бірқатар тапсырма берді:

- Сауда және интеграция министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен және «Атамекен» палатасымен бірлесіп, бір ай ішінде «Қазақстанда жасалған» брендімен шығарылатын тауарларды қолдау мен ілгерілетудің кешенді бағдарламасын әзірлеуді тапсырылды;

- бір ай мерзімде халық арасында ең көп сұранысқа ие басым тауар санаттарын айқындау қажет. Әрбір санат бойынша ішкі нарықтағы отандық өнімнің үлесін арттыруға арналған нысаналы көрсеткіштерді белгілеу керек;

- Сауда желілерімен бірге отандық сауда маркаларын дамытып, қазақстандық өндірушілермен ұзақ мерзімді жеткізу шарттарын бекіту қажет.