Астанадан Гуанчжоуға тікелей әуе рейсі ашылмақ
10 ақпан, 2026
Фото: freepik.com
Көлік министрлігі ұшу географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын арттыру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізіп келеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Министрліктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, биыл 2 маусымынан бастап қазақстандық «Air Astana» әуе компаниясы Қытайға жаңа әуе бағытын – Астана – Гуанчжоу маршрутын ашуды жоспарлап отыр. Рейстер аптасына 2 рет «Airbus A321LR» үлгісіндегі әуе кемелерімен орындалады.
Аталған әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықтың одан әрі дамуына ықпал етеді деп күтілуде.
Бұған дейін «Астана – Балқаш – Астана» бағыты бойынша күн сайын әуе рейсі іске қосылатынын жаздық.
Ұқсас жаңалықтар
15 наурыз, 2026
«Референдум – 2026» республикалық онлайн марафоны басталды
14 наурыз, 2026
Бас прокуратура заңсыз активтерді қайтару бойынша 2025 жылдың есебін жариялады
14 наурыз, 2026
Қайтарылған активтер бұқаралық спортты дамытуға ықпал етуде – Бас прокуратура
14 наурыз, 2026
Дрондар және жасанды интеллект: құтқарушылар жұмысындағы жаңа мүмкіндіктер