Астанада таныстарына тауарды арзанға сатқан сауда үйінің қызметкері сотталды
3 ақпан, 2026
Фото: freepik.com
Бір жыл бойы әрекет еткен алаяқтар тобы сауда үйіне 473,6 млн теңге шығын келтірген, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласы прокуратурасына сілтеме жасап.
Сауда үйінің қызметкері 10 танысымен келісіп, тұрмыстық техниканы төмен бағамен сату үшін жалған промокодтар рәсімдеген. Олар iPhone, ноутбук, теледидар, тоңазытқыш және басқа да электроника тауарларын арзанға алып, қымбатқа басқа біреулерге сатқан.
Барлық 10 адам 4 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандықтарынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Еске салсақ, үш жасар баласын ұрып-соққан Талдықорған тұрғыны қамауға алынды.
Ұқсас жаңалықтар