Ақтөбеде ер адам таныс әйелді пышақтап кетті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақтөбе облысы Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, қайғылы оқиға 10 қазан күні сағат 22:30 шамасында Ақтөбедегі Қ.Сәтбаев көшесінде болған.
Қазіргі бойынша, әйел мен оның танысы арасында жанжал туындаған. Жанжал барысында ер адам әйелге пышақ жарақатын салған. Жәбірленуші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Әйелді өлтірді деген күдікпен Атырау қаласының 28 жастағы тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Қылмыстың себептері анықталуда. Тергеу барысы облыстық Полиция департаменті басшылығының бақылауында. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейді», - Ақтөбе облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Серік Шалқаров.
Еске сала кетсек, кеше Петропавлдағы макарон фабрикасында 35 жастағы жұмысшы көз жұмды.