Қазақстаның Марокко Корольдігіндегі елшісі қызметінен босатылды

Қазақстаның Марокко Корольдігіндегі елшісі қызметінен босатылды
Фото: Қазақстанның Марокко Корольдігіндегі елшілігі

Мемлекет басшысының Жарлығымен Сәулекүл Сайлауқызы қызметінен босатылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Сәулекүл Сайлауқызы Қазақстан Республикасының Марокко Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Того Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.

Сәулекүл Сайлауқызы бұл лауазымға 2021 жылы 3 наурызда тағайындалған еді. 

Еске сала кетсек, Қазақстанның Аустрия мен Пәкістандағы жаңа елшілері тағайындалды.