Жұмыстан түсініктеме алмай шығарған: оралдық сот шешімімен қызметіне қайта оралды

13 қазан, 2026
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Жұмыстан түсініктеме алмай шығарған: оралдық сот шешімімен қызметіне қайта оралды
Фото: Magnific.соm

Орал қаласының №2 соты жұмыстан шығарылуына дау айтқан қызметкердің талап арызын қанағаттандырды, деп хабарлайды Elordainfo.kz БҚО сотына сілтеме жасап. 

Іс материалдарына сәйкес, мекеме қызметкерді жұмыс орнында үш сағаттан астам уақыт болмағаны үшін жұмыстан шығарған. Алайда тәртіптік жаза қолданар алдында жұмыс беруші одан жазбаша түсініктеме талап етпеген. Бұл ретте еңбек заңнамасында мұндай рәсім міндетті түрде көзделген.

Сот жұмыстан шығару заң талаптарын бұза отырып рәсімделген деген қорытындыға келіп, тиісті бұйрықты заңсыз деп таныды.

Нәтижесінде қызметкер бұрынғы лауазымына қайта орналастырылды.

Сонымен қатар оның пайдасына мәжбүрлі жұмыссыз жүрген уақыты үшін 2 315 515 теңге орташа жалақы және өкілдің қызметіне жұмсалған шығын ретінде 350 мың теңге өндірілді.

Еске салайық, бұған дейін маман еңбек шартының негізгі талаптарын түсіндіріп берген болатын.