Жамбыл облысында жалған нөмір таққан көлік жүргізушісі ұсталды
1 сәуір, 2025


Фото: Оңалхан Өнерхан
Бұл туралы полиция қызметкерлері жылдамдықты асырған Lexus LX 600 маркалы көлігін тоқтату кезінде анықтаған, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Жүргізушінің жалған мемлекеттік нөмір таққаннан бөлек жүргізуші куәлігінен айрылғаны белгілі болды. Сонымен қатар 1,5 млн теңгеден астам айыппұлын төлемеген.
Оған бірнеше әкімшілік хаттама толтырылып, жалған мемлекеттік тіркеу нөмірімен көлік жүргізгені, жылдамдықты асырғаны және жүргізуші куәлігі жоқ бола тұра көлік басқарғаны үшін жалпы 117 960 теңге айыппұл салынды. Бес тәулікке әкімшілік қамауға алынып, бір жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.
Ал көлігі айыппұл тұрағына қойылды.
Ұқсас жаңалықтар

4 тамыз, 2025
Атырауда құйма бөлшектер шығаратын зауыт құрылысы басталды

4 тамыз, 2025
Қорғаныс министрі мерзімді әскери қызметшілердің тамақтануын тосыннан тексерді

4 тамыз, 2025
Ұлттық ұлан академиясында 30-дан астам курсант әскери ант берді

2 тамыз, 2025
Шымкентте 400-ге жуық жас сарбаз әскери ант қабылдады