Үш айда республика бойынша 70-тен астам әйел есірткімен ұсталды
3 сәуір, 2025


фото: видеодан алынған кадр
Ішкі істер министрлігі «Заң және Тәртіп» принципіне сәйкес есірткі қылмысымен күресті жалғастыруда, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Осылайша, бүкіл республика бойынша үш ай ішінде полиция қызметкерлері Ұлттық ұланның «Бүркіт» арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің күштік қолдауымен 69 нарколабораторияны жойды. 18 ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды.
Оның ішінде: 250 кг синтетика 1 тонна 642 кг марихуана 238 кг гашиш 322 грамм героин.
«Жыл басынан бері 1425 адам ұсталды. Оның ішінде 76 әйел, 23 жасөспірім және 9 шетел азаматы. Есірткі қылмысын анықтау және жолын кесу бойынша жұмыс жалғасуда», - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Данияр Мейірхан.
Ұқсас жаңалықтар

4 тамыз, 2025
Атырауда құйма бөлшектер шығаратын зауыт құрылысы басталды

4 тамыз, 2025
Қорғаныс министрі мерзімді әскери қызметшілердің тамақтануын тосыннан тексерді

4 тамыз, 2025
Ұлттық ұлан академиясында 30-дан астам курсант әскери ант берді

2 тамыз, 2025
Шымкентте 400-ге жуық жас сарбаз әскери ант қабылдады