Риддерде қошқарды көтеру сайысында әйел адам жеңімпаз атанды
24 наурыз, 2025


фото: видеодан алынған кадр
Риддерде өткен қошқар көтеру сайысында әйел адам жеңімпаз атанды, деп хабарлады Elordainfo.kz Noks.kz сайтына сілтеме жасап.
25 жастағы риддерлік тұрғын Айым Нұржанова жақында ғана ана атанған.
"Мен үшін бұл таңғаларлық жетістік емес. Бірнеше жылдан бері бразилиялық жекпе-жек өнерімен айналысып келемін. Онда күштік жаттығуларға көбірек мән беріледі. Үнемі штангамен жаттығуға тура келеді. Жақында ана атандым. Бірақ спорттық қабілеттерім әлі бар. Жеңіске жетуге сол қабілеттерім себеп болды", - дейді ол.
Жеңімпазға бас жүлде ретінде өзі көтерген қошқар сыйға тартылды.
Ұқсас жаңалықтар

4 тамыз, 2025
Атырауда құйма бөлшектер шығаратын зауыт құрылысы басталды

4 тамыз, 2025
Қорғаныс министрі мерзімді әскери қызметшілердің тамақтануын тосыннан тексерді

4 тамыз, 2025
Ұлттық ұлан академиясында 30-дан астам курсант әскери ант берді

2 тамыз, 2025
Шымкентте 400-ге жуық жас сарбаз әскери ант қабылдады