Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басшысының орынбасарына қатысты тергеу басталды
20 наурыз, 2025


Фото: Оңалхан Өнерхан
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Дархан Құрақбаев Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басшысының орынбасарын ұстау туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Бұл – Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарының еміне жұмсалған қаржыны ұрлауға қатысты іс. Дәл қазір аталған лауазымды тұлға тергеуге байланысты қызметінен шеттетілгенін айта аламын. Бүгінгі таңда тергеу жұмыстары жүріп жатқандықтан басқа ақпаратты айта алмаймын», - деді Дархан Құрақбаев.
Алайда ол лауазымды тұлғаның есімін айтпады.
Ақпан айында әлеуметтік желіде антикор Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан тергеуге қатысты құжаттар тәркілегені туралы ақпарат шықты.
Ұқсас жаңалықтар

4 тамыз, 2025
Атырауда құйма бөлшектер шығаратын зауыт құрылысы басталды

4 тамыз, 2025
Қорғаныс министрі мерзімді әскери қызметшілердің тамақтануын тосыннан тексерді

4 тамыз, 2025
Ұлттық ұлан академиясында 30-дан астам курсант әскери ант берді

2 тамыз, 2025
Шымкентте 400-ге жуық жас сарбаз әскери ант қабылдады