«Әкімді сынаған»: министр желідегі жазбаға не үшін лүпіл басқанын түсіндірді
20 наурыз, 2025


фото: gov.kz, primeminister.kz
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің атына сын жазылған әлеуметтік желідегі жарияланымға не үшін лүпіл басқанын айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Сенат кулуарында журналистер министрдің жариялымға басқан лүпілі Е.Қарашөкеевтің жұмысына наразы екенін білдіре ме деп сұрады.
«Мен лүпіл басқаным есімде жоқ. Бәлкім, әлеуметтік желіні қарап жатқан кезде кездейсоқ басылған болуы мүмкін. Бірақ ондай теріс пікірім жоқ», - деді министр.
Еске сала кетейік, бұған дейін Жамбыл облысы әкімінің әлеуметтік желідегі жазбасы қызу талқыланған еді. Онда Ербол Қарашөкеевтің жаңа жылдағы 4 күн демалыста екі кітап оқып тастағаны туралы жазылды.
Ұқсас жаңалықтар

4 тамыз, 2025
Атырауда құйма бөлшектер шығаратын зауыт құрылысы басталды

4 тамыз, 2025
Қорғаныс министрі мерзімді әскери қызметшілердің тамақтануын тосыннан тексерді

4 тамыз, 2025
Ұлттық ұлан академиясында 30-дан астам курсант әскери ант берді

2 тамыз, 2025
Шымкентте 400-ге жуық жас сарбаз әскери ант қабылдады