«Іле-Алатау» ұлттық паркінде қар барысы фототұзаққа түсті
4 сәуір, 2025


фото: видеодан алынған кадр
Мемлекеттік «Іле-Алатау» ұлттық табиғи паркінде қар барысы тағы да фототұзаққа ілінді. Видео парктің әлеуметтік желедіге парақшасында жарияланды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Сирек кездесетін қар барысы қайтадан фототұзаққа түсіп, жабайы табиғаттың ерекше сұлулығын көрсетті. Бұл кадрлар 7-13 ақпан аралығында түсірілген.
«Ғылыми инспекторлардың маңызды еңбегін атап өткен жөн, олар тәулік бойы парктің аумағын бақылап, биоалуантүрлілікті сақтау бойынша зерттеулер жүргізеді. Олардың қажырлы еңбегі мен табандылығының арқасында фототұзақтар дұрыс жерлерге орнатылып, осындай әсерлі нәтижелерге қол жеткізілді», - деп жазылған хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар

4 тамыз, 2025
Атырауда құйма бөлшектер шығаратын зауыт құрылысы басталды

4 тамыз, 2025
Қорғаныс министрі мерзімді әскери қызметшілердің тамақтануын тосыннан тексерді

4 тамыз, 2025
Ұлттық ұлан академиясында 30-дан астам курсант әскери ант берді

2 тамыз, 2025
Шымкентте 400-ге жуық жас сарбаз әскери ант қабылдады