Елімізде базарлар саны азайып келеді
7 сәуір, 2025


фото: Астана қаласы әкімдігі
2024 жылдың қорытындысы бойынша елімізде 626 базар тіркелген, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 18 бірлікке кем, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, жалпы соңғы бес жылда базар саны 18,2 пайызға қысқарған.
Базарлардың 69,2 пайызы қалалық жерлерде орналасқан.
Базар саны Түркістан облысында ең көп – 106, Ақтөбе облысында – 57 және Алматы облысында 56-сы тіркелген. Базар санының ең азы Ұлытау облысында – 7 бірлік.
Мәмілелер көлемі бойынша базарлардың 584 бөлшек, 42 – көтерме саудамен айналысады.
Сондай-ақ базардың 333-і жабық жайда орналасқан.
Ұқсас жаңалықтар

4 тамыз, 2025
Атырауда құйма бөлшектер шығаратын зауыт құрылысы басталды

4 тамыз, 2025
Қорғаныс министрі мерзімді әскери қызметшілердің тамақтануын тосыннан тексерді

4 тамыз, 2025
Ұлттық ұлан академиясында 30-дан астам курсант әскери ант берді

2 тамыз, 2025
Шымкентте 400-ге жуық жас сарбаз әскери ант қабылдады