Биыл Наурызды тойлауға қанша ақша бөлінді
18 наурыз, 2025


Фото: Оңалхан Өнерхан
Бұл туралы Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз конференциясында мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Өздеріңіз білетіндей, Наурыз мейрамы осымен екінші жыл қатарынан жаңа «Наурызнама» тұжырымдамасы аясында тойланып келеді. Соған орай көптеген іс-шара жоспарланған. Қазір бюджеттен қанша қаржы бөлінгенін нақты айта алмаймын. Себебі әр өңір бұл мерекені өздері ұйымдастырады және оған жергілік мемлекеттік орган атсалысады. Сондықтан нақты цифраны айту мүмкін емес»,- деді Евгений Кочетов.
Вице-министр Наурыз мейрамы кезінде ұйымдастырылатын көрме мен жәрмеңкелер кәсіпкерлердің қолдауымен өтетінін атап айтты.
Ұқсас жаңалықтар

4 тамыз, 2025
Атырауда құйма бөлшектер шығаратын зауыт құрылысы басталды

4 тамыз, 2025
Қорғаныс министрі мерзімді әскери қызметшілердің тамақтануын тосыннан тексерді

4 тамыз, 2025
Ұлттық ұлан академиясында 30-дан астам курсант әскери ант берді

2 тамыз, 2025
Шымкентте 400-ге жуық жас сарбаз әскери ант қабылдады