Ақтөбе облысында су тасқынына қарсы іс-шаралар жүріп жатыр
24 наурыз, 2025


фото: видеодан алынған кадр
ТЖМ құтқарушылары Ырғыз ауданындағы Ырғыз, Құйылыс, Мамыр және Жайсанбай елді мекендерінде тасқын судың алдын алу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде, деп хабарлады Elordainfo.kz.
ТЖМ мәліметінше, ұзындығы 60 метр уақытша бөгет тұрғызылды, 3100 дана қапшық төселді, 80 тонна инертті материал төселді. Еріген қар суының кедергісіз өтуі үшін 838 м арықтар тазартылды.
Барлық жұмыстар су тасқынының салдарын барынша азайтуға және елді мекендерді қорғауға бағытталған.
Құтқарушылар жағдайды тұрақты бақылауда ұстап отыр.
Ұқсас жаңалықтар

4 тамыз, 2025
Атырауда құйма бөлшектер шығаратын зауыт құрылысы басталды

4 тамыз, 2025
Қорғаныс министрі мерзімді әскери қызметшілердің тамақтануын тосыннан тексерді

4 тамыз, 2025
Ұлттық ұлан академиясында 30-дан астам курсант әскери ант берді

2 тамыз, 2025
Шымкентте 400-ге жуық жас сарбаз әскери ант қабылдады