Ақмола облысындағы автожолда көлік қозғалысы шектелді
6 сәуір, 2025


Фото: freepik
Ақмола облысында қардың еруі салдарынан «Көкшетау-Атбасар» автожолының бір бөлігін су алып, жол жабылды, деп хабарлады Elordainfo.kz «ҚазАвтожол»-дың Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап.
Ведомство хабарламасына сай, бүгін аталған автожолдың бір бөлігін еріген қар суы алып кеткен. Соған байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылған.
«2025 жылғы 6 сәуір сағат 11:00 шамасында Ақмола облысында «Көкшетау-Атбасар» автожолының 103-184 шақырым аралығында (Балкашино ауылы- Атбасар қаласы) қар еру салдарынан жол бөлігін су алуына байланысты көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды», - делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар

4 тамыз, 2025
Атырауда құйма бөлшектер шығаратын зауыт құрылысы басталды

4 тамыз, 2025
Қорғаныс министрі мерзімді әскери қызметшілердің тамақтануын тосыннан тексерді

4 тамыз, 2025
Ұлттық ұлан академиясында 30-дан астам курсант әскери ант берді

2 тамыз, 2025
Шымкентте 400-ге жуық жас сарбаз әскери ант қабылдады