Балабақшаларда педагогтердің еңбекақысы өсті – Мәди Такиев
27 маусым, 2025


Фото: Сұлтан Сейіт
Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Министрдің айтуынша, 2024 жылы мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің жалақысын арттыруға 93,8 млрд теңге бөлінген.
Бұл шара тәрбиешілердің мәртебесін көтеруге және мектепке дейінгі білім беру сапасын жақсартуға бағытталған.
2024 жылы мектептерде 1,7 млн-нан астам оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылды. Бұл шара Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылуда.
Сондай-ақ былтыр елімізде 89 мыңнан астам орындық 789 балабақша ашылды.
Ұқсас жаңалықтар

1 тамыз, 2025
Астанада адам саудасына қарсы күрес мәселелері талқыланды

1 тамыз, 2025
Елімізде әлеуметтік қорғау саласының үздік қызметкерлері мен жобалары анықталады

31 шілде, 2025
Қазақстандықтардың көпшілігі елдің даму бағытын қолдайды

31 шілде, 2025
«Ешқандай күмән болмауы керек»: экология министрі киік етінің сапасы туралы айтты